Білім күні туралы хабарлама

 

   1 қыркүйек  күні  сағат 10.00-де  мектеп алаңына оқушылар, ата-аналар, ұстаздар «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған салтанатты  жиынға  жиналды.

    Салтанатты жиынды мектеп директоры  Таймова Анна Мұхамеденқызы  ашып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  Келесі сөз кезегін салтанатты жиынның қонағы, Сәрсен Аманжолдов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің химия кафедрасының меңгерушісі Шаихова Бақыт Қалиасқарқызы алып, оқушылар мен ұзтаздарға өз тілегін жолдады.

      Жиын барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, мектеп алаңын ән мен жырға бөледі. 1-сынып оқушылары тақпақтарын айтып, келген қонақтар мен көрермендерді, ата-аналарды  риза етті.  Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері Мұратбекұлы Серікжан мен 1-сынып оқушысы Тілеуберді Аделяға берілді.

 Жиынға 1460 оқушы мен олардың ата-аналары қатысты.

 

   Салтанатты жиыннан соң  әр сыныпта «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім сабақтары өткізілді.