Тәрбие жұмысының мақсаты:

 

Оқушының шығармашылық қабілетін ашуға қолайлы жағдай жасай отырып,субьект-субьектілік тәрбие кеңестігінің дамыту негізінде жан-жақты, үйлесімді дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге бейім тұлға қалыптастыру.

 

Міндеттері:

Бірыңғай рухани-адамгершілік және мәдени құндылық жүйесін құру

Әр баланың өзін-өзі Қазақстандық қоғам субьектісі ретінде тануына көмектесу

Әр оқушының өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі саналы тәрбиелеуін жүзеге асыру.

Оқушының танымдық қызығушылығын дамыту және оны іске асыру тәсілдерін үйрету.

Салауатты өмір сүру мәдениетінің,адам және табиғат экологиясының маңызын түсіндіру.

Мектеп,отбасы,қоғамдық ұйымдар іс-әрекеттерінің үйлесімділігін дамыту