Өскемен қаласы әкімдігінің № 35 орта мектебінің жанындағы «Еркетай» шағын орталығының  2018-2019 жылына ақпарат

        

         2018-2019 жылғы оқу жылында «Еркетай» шағын орталығынына үш топқа  жетпіс бес бала қабылданды. «Еркетай» шағын орталығында балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 шы жылдарға аранлған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бес саламен жұмыс жасалып келеді.Әр саланың өзіндік ерекшеліктері бар.Биылғы оқу жылында тобымызда көптеген ашық сабақтар,тәрбие сағаттары ,мерекелік іс шаралар өтті. Атап өтетін болсақ 1 қыркүйек білім күніне арнап «Сыңғырла күміс қоңырау» атты топта ашық тәрбие сағаты өтті. Қазан айында «Алтын күз» атты ертеңгілік өткіздік.Сонымен қатар «Бөбек» «Алтын күз» мерекесіне арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. Тәрбиешісі Оспан Баян Қуандыққызының ұйымдастырылуымен өткен  оқу іс-әрекетінде төмендегі балалар белсене қатысты: Азаматұлы Дархан, Арипжанов Жангир, Азаматқызы Еркеназ, Қуаныш Салауат, Елжасұлы Бексұлтан, Равиль Алишер, Қуанышқызы Аяла, Болат Али.1 желтоқсан Президент күніне арнап топтар арасында көрме ұйымдастырылды.Көрмеге балалармен қатар ата- аналарда атсалып көрме өз денгейінде өтті. «Балапан» тобында Президент күніне арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. Балалар белсене қатысып ат салысты. Би билеп өз өнерлерін ортаға салды. 16 – шы Желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап «Тұғырын сенің биікте» атты мерекелік іс-шара өткіздік. Балалар әрбір іс-шарадан өзіне керекті дүниені жадына сақтап, өздері білетін тақпақтарын,әндерін айтып,би билеп сахнаны жандандыра білді. «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінен жоғары санатты кітапханашы Құрманбек Эльвира Құрманбекқызы «Еркетай» шағын орталығына келіп,тәрбиеленушілерге «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты іс-шара өткізді.Осы мерекелік іс-шарадан жақсы әсер алып, белсенді қатысты.  

         Желотқсан айының соңына қарай Жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ертеңгілікке барлық тәрбиешілер мен тәрбиешілердің көмекшілері қатысып, мерекені одан ары жандандыра түсті. Залды мерекеге сай безендіре отырып,балалар ертегілер әлеміне саяхат жасағандай әсерде болды.Соның ішінде «Балапан» тобының тәрбиеленушілері әдемі үнді биімен көзге түсті.Олар: Тохтарханова Ару, Төлеукан Аяулым, Қайратқызы Інжу,Қадылбек Айару,Серікқызы Еркежан, Қуанышұлы Ислам. «Бөбек» тобының тәрбиеленушілері Арипжанов Жангир, Серикханов Мансурдың орындауларында кавказ биі «Лезгинка» көрсетілді. Ата-анала да өз ізгі-тілектерин айтып Жаңа жыл мерекесімен құтықтады. Жаңа жылдық іс-шараға балалар карнавалдық киіммен келіп,аяз аталарына өлеңдерін,тақпақтарын айтып,билерін билеп сыйлық алып үйлеріне қайтты.

 

         «Балапан» тобының тәрбиеленушілері Ахметхан Еңлік, Мұратхан Кәусәр,  Қадылбек Айару қалалық би байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болып, дипломмен марапатталды. Маратова Аделя Семей қаласында өткен таэквандо туринирында 3 орынға ие болып, дипломмен мадақталды.