Мектептегі психологиялық көмек


Психологиялық сүйемелдеуді  ұйымдастыруда  келесілер басты жұмыс түрі болып саналады:  ағарту, диагностика (мониторингті анықтау), түзету және сараптау. Психологиялық сүйемелдеу балалармен түзету-дамыту жұмыстары ғана болып табылмайды, сонымен қатар оқу үрдісіне  қатысушылардың  дамуда, оқуда, тәрбиедегі мәселерін шешудегі  қолдау мен көмектің  кешенді технологиясы. Және мектептен тыс ұйымдармен-ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспекторлармен, аудандық мектептермен, ауылдық және аудандық әкімшіліпен, білім бөлімімен бірлесіп жұмыс атқарамыз.

Психологиялық қызметтің мақсаты – оқушылардың  психологиялық  денсаулығын сақтап қалу және нығайтуда психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

Осы мақсатқа жетуде келесідей басты міндеттерді орындау қажет:

      Балалардың психологиялық денсаулығының деңгейін бақылап отыруға мүмкіндік беретін

      психодиагностикалық әдістемелер  банкін құру;

     Оқушылар ұжымы мен балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

      Балалардың психологиялық денсаулығының мониторингін жасау.

       Бірінші және екінші тоқсанда психологиялық сүйемелдеудің міндеттерін атқару аясында жоспарға сәкес мектеп жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ету, мектепте оқу ынтасын көтеру,  шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары жүргізіледі, мектеп педагогтарымен бірлесіп бірінші сынптардың бастапқы мүмкіндіктерінің диагностикасы («мектепте оқуға дайындығын анықтау», «мұғалімнің балаларда оқушы позициясын қалыптастыру бағасы»); ата-аналар мен мұғалімдерге сауалнама жүргізу. Алынған нәтижелерді жеке анықтау жұмыстары мен ағарту-түзету жұмыстарын  ұйымдастыруға қолданылады.

Бірінші және бесінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін бақылау мақсатында бірнеше диагностика («Мектептегі мазасыздықтың диагностикас» (Филлипс тесті), «Оқу мотивациясы», «Оқу бағдарламасын эмоционалды қабылдау») жүргізіледі, оқушылардың сыныптың психологиялық ахуалын бақылау үшін сабақтарына қатысу. Диагностиканың нәтижелері бойынша  жеке ағарту және түзету жұмыстары  ұйымдастырылады

Сонымен қатар әр тоқсанның  тоқсанның қорытындысы бойынша үлгермеуші оқушылар анықталып, олармен оқуда үлгермеуінің себептерін анықтау мақсатында жеке жұмыстар жүргізіледі. 

      Баланың әлеуметтік мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліп отырады. Атап айтатын болсақ, бейімделу процесін жеңілдету және мазасыздықтан арылту мақсатында оқу жылының бірінші тоқсанында 1 сынып оқушыларына «Орман мектебі» бағдарламасы бойынша психологиялық сағаттар өткізілді, 5-сынып оқушыларымен «Менің сыныбымның ғаламшары», «Иесіз жер» тақырыптарында тренингтік сабақ, екінші тоқсанда «Қарам-қарсы қадам» бағдарламасы бойынша 2-3 сыныптарды тренигтер, 4 сыныптармен «Келешек әлеміне саяхат» тақырыбына тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар қараша айында «Мақсаты бір үшеудің бірлігі: мұғалім, оқушы, ата-ана» тақырыбында пән мұғалімдері мен ата-аналардың, оқушылардың қатысуымен коучинг ұйымдастырылды.

Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп жасындағы балаларды, орта буында, әлеуметтік бейімделу дағдысын қалыптастыру, психологиялық денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында «Бірінші сынып оқушысының бейімделуі», «Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» бағдарламалары бойынша түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Жоғағы сыныптардың психологиялық денсаулығын сақтау мақсатында 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ны және қорытынды аттестаттауды тиімді тапсыру үшін жүйелі түрде психологиялық тренингтер жүргізіліп отырады. «Сенім менің серігім», «ҰБТ-ға сеніммен барайық», «ҰБТ-ға психологиялық дайындық», «Сенімділік күш береді» т.б. тақырыптарда тренингтік сабақтар жүргіліп отырады. Бұл жұмыстың нәтижесі оқушыларға сынақ алдында қорқыныштан арылуға, қобалжу деңгейлерін төмендетуге, өз күштеріне, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Психологиялық денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған оқушыларды психологиялық сүйемелдеу моделін жүзеге асыруда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:

1. Кәсіби деңгейін жетілдіру (психолого-педагогикалық біліктілік деңгейін жоғарлату);

2. Психологиялық монитринг нәтижелері оқушылардың  оқу ынтасы мен өзін бағалауы жоғарлағанын, мектептегі қобалжу көрсеткішінің төмендегенін көрсетеді;

3. Барлық деңгейдегі базалық компоненттердің қалыптасуының жағымды динамикасы (салауатты өмір салы және денсаулығына бағалы  қатынасының қалыптасуы, түрлі спортпен шұғылдануға және  жаттығуларды орындауға жағымды ынтасының қалыптасуы және т.б.).

Педагог-психолог қызметіні жемісті болуының негізі тек жоғары біліктілігі ғана емес, сонымен бірге мектеп өміріне белсенді қатысу болып табылады деп есептеймін. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынастың біртұтастығын, оқушылардың психологиялық  денсаулығын сақтауға бағытталып құрылған психологиялық қызметтің  моделінің маңыздылығын  көрсетеді.