1 наурыз- Алғыс айту күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

 

      Мектебімізде ақпан айының 25-нен бастап  1- наурызға дейін  алғыс айту күніне байланысты әртүрлі   шаралар   өтті.

    Шараның мақсаты: оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру арқылы қайырымдылыққа  баулу.  Атаулы мерекеге  1-11 сынып оқушылары, 1316 бала, 94 мұғалім, 48 ата-ана  қатысты.

  25-і күні «Мың алғыс!» атты алғыс айту күніне арналған газеттер мен суреттер байқауы өтіп,үздік газеттер мен суреттер мектеп дәліздеріне ілінді.

    2502-1.03 аралығында Қамқорлық кеңесі «Қайырымдылық-парызым»  атты мұқтаж оқушыларға арналған кеңсе тауарлары, кітап, ойыншық жинау акциясын  ұйымдастырды. Акция нәтижесінде жиналған заттар мұқтаж 10 оқушыға таратылып берілді.

    Апта барысында  «Алғыс айту парызым...» атты тәрбие сағаттарын барлық сынып жетекшілер өз сыныптарында  өткізді. Оқушылар ата-аналарына, ата-апаларына, ұстаздарына өз қолдарымен жасаған алғыс хат сыйға тартты.

    Апта бойы тарих пәнінің мұғалімдері  «Осы елде тамыр жайдық біз...» атты түрлі этностардың тағдыры мен тарихы жайлы бейнероликтер көрсетіп, талқылау жұмыстарын жүргізді.  

  Апта бойында «Бірлігіміз жарасқан» деген атаумен мектепішілік «Өркен» радиосынан әр этностың Қазақстанға келу тарихы туралы хабарламалар беріліп, Алғыс күніне тілектер айтылып,музыкалық сәлемдемелер жолданды

 

   27 ақпан күні зейнеткер ұстаздарға «Мың алғыс!» атты кеш ұйымдастырылып, 28 ақпан күні болатын "Анаға сәлем" концертінің билеті сыйға тартылды.