Қалалық педагогикалық команда - 2019 кәсіби байқауы. 2 - кезең

Өскемен қаласы әкімдігінің "№35 орта мектеп" КММ

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалімнің құзіреттілігін арттыру

 

Мақсаты: қатысушыларды командалық-корпоративтік коучинг арқылы нәтижелі іс-әрекетке қол жеткізуге бағытталған ұжымдық қызметтің ұйымдасуы негізінде педагогикалық ұжымның бірлесе жұмыс істеуге, ұжымдық мақсаттарға және белгілі бір міндеттерге қол жеткізу жақтарын айқындау.

Міндеттері:

ü өзгемен және өз-өзімен қарым-қатынасты ұйымдастыру

ü кез-келген мәселелерді еңсеру үшін өзін-өзі дамытуға қол жеткізу

ü шешімі қиын мәселелердің шешу  жолы арқылы кез-келген кедергілерден сауатты түрде өту жолдарын қарастыру

1-кезең

Ұйымдастыру

Психологиялық климат тудыру

Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады. «Кім не істей алады?» ойыны. Егер ол адам айтылған әрекетті істей алса бір қадам алдыға жылжиды.

Сұрақтары:

1.     Кім машина жүргізе алады?

2.     Кімнің бизнестен хабары бар?

3.     Кім басқаларға шуағын шаша алады?

4.     Кім өзін білімдімін деп ойлайды?

5.     Кім торт пісіре алады?

6.     Кім розетка жөндей алады?

7.     Кім өзін толыққанды сауаттымын деп айта алады?

8.     Кім компьютермен жұмыс жасай алады?

9.     Кім басқаларға өзінің жылуын сыйлай алады?

Ортаға жиналған мұғалімдер ортада тұрған киіз үйдің ішінен кәдесыйлар алады. Кәдесыйға жапсырылға сурет бөліктерінен бір үлкен сурет құрап шығарады да, 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Принтер»                 2-топ «Интерактивті тақта»                         3-топ «Компьютер»

 


2-кезең

Әр топ осы заттардың функцияларын , атқаратын қызметтерін атаңыздар.

(алдарындағы қағазға жазады) уақыты -2 минут

Жазғандарын жариялайды.

«Функция» дегенде неге назар аудардыңыздар? Жалпы «Функция» деген не?

Бір-бір сөзбен жауап берсеңіздер.

 

-Осының бәрін меңгеру үшін адамға не қажет? (Сауатылық)

«Сауатты» деген сөздің түпкі мағынасы не?

(оқу, жазу, саунау біліктілігі, грамматикалық қатесіз жазу, сауатты сөйлеу, сауатты оқу)

3-кезең

-Әріптестер, бүгінгі қозғалып жатқан негізгі «функция», «сауатты», «сауаттылық» деген терминдерден бүгінгі күннің өзекті жаңа ұғымын, терминін қалай шығарасыздар?

«Функционалдық сауаттылық»

-Бұл сөзді қалай түсінеміз?

Ол үшін сіздерге бірнеше терминдер ұсынбақпыз. (жіліктерге жазылған терминдер ұсынылады). Сіздер сол ұсынылған сөздердің ішінен «функционалдық сауаттылықтың» мағынасын ашатын сөздерді іріктеп алып мына қара қазанға әкеліп қайнатасыздар. (дәлелдей отырып қазанға салады)

Уақыты -3 минут

 

-Әрқайсысымыз оқушылардың функционалдық сауатылығын қалай жетілдіріп жатырмыз? Әр топ өз нұсқаларын ұсынады.

-Ендеше, барлығымыз мына бейнероликке назар аударайық.

 

Видео «Жеті қазына» (3 мин) Қандай ой түйіндедік?

- Ендеше бүгін біз мына ошақтың 3 тармағы болып  3 топта жұмыс жасадық. Ал мына қара қазан мектептің қайнап жатқан оқу-тәрбие үрдісі. От сіздермен біздің ерік, күщ, жігеріміз, тың идеяларымыз, белсенді іс-әрекетіміз.

-Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алу мен жетілдіріп отыру негізгі мақсатымыз.