«Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру жұмыстары

 

      Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 35 орта мектебінде» 2 сәуір күні «Мәңгілік ел» патриоттық актісі және «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының талаптарын оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру» тақырыбында  педагогикалық кеңес болды. Кеңес бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда мектептің оқу-тәрбие үрдісінде  «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің   7 құндылығын оқушы бойына сіңіру арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылатын, ұлттық салт-дәстүрді құрметтейтін, 3 тілді жетік меңгерген, АКТ тиімді қолдана білетін, өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын  жеке тұлға қалыптастыру атты мақсатты қарастырды. Кеңес төменде аталған міндеттерді жүзеге асырды.

1. Заманауи  талаптарға  сай  патриот тұлға қалыптастыруда мектептің оқу-тәрбие үрдісінде  «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің   7 құндылығын оқушы бойына сіңіру;

 2.   «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде  жүзеге асыру;

 3. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтардың 1,2,3 және 5,6,7, 8-сынып оқушыларымен жұмыс барысында нәтижелілікке бағытталған белсенді және табысты оқудың әдіс-тәсілдерін жүйелі пайдалану арқылы білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарды жалғастыру.

     Кеңес барысында мектеп ұжымы «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің 7 құндылығын  оқу-тәрбие жұмысында  өз іс-тәжірибелерінде қолдану, жүзеге асыру  барысы туралы айтты. Ұстаздар 7 құндылықтың  әр қайсысын  жан-жақты талдап, іске  асыру  жолдарын, әдіс-тісілдерін ортаға салды.

Кеңес соңында мыныдай шешім қабылданды.

1.Заманауи  талаптарға  сай  патриот тұлға қалыптастыруда мектептің оқу-тәрбие үрдісінде  «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің   7 құндылығын оқушы бойына қалыптастыру барысында   жұмыс  түрлері  жүйелі жалғастырылсын.

 2.   «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде  жүзеге асырылсын.

 3. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтардың 1,2,3 және 5,6,7, 8,-сынып оқушыларымен жұмыс барысында нәтижелілікке бағытталған белсенді және табысты оқудың әдіс-тәсілдерін жүйелі пайдалану арқылы білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жалғастырылсын.

4. Білім берудің жоғарғы сатысындағы мектеп  оқушыларын  (9-11 сыныптар) сабақ үрдісі мен сабақтан тыс тәрбиелік шаралар негізінде елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге баулуда  рухани құндылық негіздерін басшылыққа ала отырып, жұмыс жандандырылсын.

 

 

Педагогикалық кеңес барысынан  көріністері

Comments: 0