Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 35 орта мектеп» КММ

«Жас Ұлан» топтары туралы есеп

 

          Мектептің  “Жас Ұлан” тобының  қамқорлығында 4  соғыс ардагері, 17 тыл еңбеккері бар. Әр сынып жыл көлемінде өзіне бекітілген қарттармен жұмыс жасайды. Әр мереке сайын барып, құттықтап, шағын концерт қойып береді. Кейбір ата-әжелерге дәрі, азық-түлік әкеп беруге сынып жетекшілерімен барып, көмектеседі.Мектептің  «Жас Ұлан» тобының мақсаты:  Қамқорлықтағы қарттармен тығыз байланыс жасап, әрдайым қажетті көмек көрсету.Әр  топтың  ұраны:“Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету!”Топтың           Міндеттері: Қарттарға дәріханалардан дәрі жеткізіп беру;   Дүкендерден азық-түлік жеткізуге  көмектесу;   Үйлерін жинастырып, тазалық жұмыстарын  жүргізу; Қарттарға кітап, газет-журнал оқып беру;

 

           9 мамыр –Ұлы Жеңіс күніне орай, әр сынып өздеріне бекітілген қарттардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.Шағын концерт қойып берді.