"Дүбірле далам, дүбірле" атты мерекелік іс-шара өтілді.. 

16 наурыз күні, сағат 10-30 да "Дүбірле далам, дүбірле" атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омар, қалалық "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Екибасова Майра Шайзиддиновна, қалалық білім бөлімі басшысы Айтбаева Жанат Женисбековна, облыстық білім бөлімінің әдіскері Ильясова Гульмира Бейсембаевна қатысты. 

Мерекелік шара "Наурыз" биімен басталды. Келесі кезекте жүргізушілер келген қонақтарға құттықтау жолдады. Сөз кезегі Қыдыр атаға берілді. Қыдыр Ата барша жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады. "Қазына" әжелер ансамблі мерекенің шашуын шашып, барша қауымға ақ жол тіледі.  Мектеп директоры Таймова Анна Мухамедановна және қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омар мерекелік қатысушыларға құттықтау сөз жолдады.

Мерекеге арналып алты қанат киіз үй, алтыбақан құрылды.Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық қол өнерлерінен көрме ұйымдастырылды. Технология пәнінің мұғалімдері қамшы өру, жүн түту, жіп иіру, сырмақ жасау өнерімен таныстырды.   

Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімдері алтыбақан қасында қыз бен жігіттің айтысын ұйымдастырды.

Мерекелік концертте мектептің өнерлі оқушылары әншілері, бишілері, күйшілері өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдер оркестрі халық әндерін орындады. 

Мереке барысында  80 литр көже, 50 литр қымыз, 40 литр шұбат және қазақтың ұлттық тағамдары бауырсақ, құрт -ірімшік , жент таратылды.

Comments: 0