Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 35 орта мектеп»КММ

22 қыркүйекте  5-6-7-сынып ата аналарына өткізілген «21 ғасырдағы  қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы туралы есеп

 

         Мектебімізде 22 қыркүйек күні, сағат 10.00-де 5-6-7-сынып ата аналарына арналған  «21 ғасырдағы  қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық  конференция өткізілді. Мектеп ұжымы ата-аналарды қарсы алып, тіркеу жүргізді.

         Мектеп дәлізінде «Ата-ана, сіздер үшін!» атты  көрме ұйымдастырылды.Көрмеде ата-аналарға қажетті психологиялық көмек материалдары, жаңартылған оқу мазмұнының ерекшеліктері туралы ақпарат қойылды. Сонымен қатар, ата-аналар үшін әлеуметтік- психологиялық кеңес көрсету пункті жұмыс жасады.

          Конференцияның модераторы, мектеп директоры Таймова А. М ашып, ата-аналарды ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау  комитетінің Төрағасы  Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен таныстырды.

          Конференцияға 5-6-7-сыныптардың ата-аналарынан 283 ата-ана белсенділікпен  қатысты.

Келесі сөз кезегін  ата-ана, «Нұр Отан» партиясының мүшесі К.Т. Ешекеноваға берді. Ол кісі өз кезегінде ата-аналарды отбасы күні мерекесімен құттықтап, бүгінгі конференцияға  сәттілік  тіледі.

Келесі сөз кезегін ата-аналар қауымдастығының атынан «Қамқорлық» кеңесінің мүшесі А.Е. Кабдыкаримова  алып, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

          Мектеп директоры Анна Мухамедановна келесі сөзді мектеп психологтарына берді.  Мектеп психологы Кудырышева М.Т. ата-аналарға жаксы көңіл күй тілеп, күн тәртібі бойынша балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін  жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу тақырыптары бойынша сөз сөйледі. 

         Келесі күн тәртібіндегі мәселе « Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.» тақырыбы бойынша директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары А.Т. Кунанбаева сөз алды.

Конференциядағы кезекті сөзді мектеп психологы Косылханова Ш.Т. алып, Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің  маңыздылығы. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел,Белсенділік. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде деген мәселелер бойынша сөз қозғап, ата-аналар сұрақтарына жауап берді.

 

Жиналыс соңында ата-аналар сауалнамаларға жауап берді.

Жиналыс соңында 6 «А» сынып ата-анасы ШарапиеваГ. Т. сөз алып, конференция авторларына, мектеп әкімшілігіне өз алғысын білдірді.

Конфенренция барысын қалалық «Алдасапан» газетінің тілшісі  бақылап, мақала жарияланатынын айтты.

Конференция жайлы мектеп сайтында да  ақпарат жарияланды.

 

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары:          Кунанбаева А.Т.