Мұғалімдер арасындағы спорттық эстафета

8 қаңтар, 2019 жылы «№35 орта мектеп» КММ-нің әкімшілік пен  дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен мектеп мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын ұстана отырып, ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту мақсатында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыстық қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командаларға  Мадақтамалар мен Алғыс хаттар табыс етілді.